423,79 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЭКСПО әлемнің өзекті проблемаларына жіті назар аударады

  • 962

Британиялық сарапшылар ЭКСПО-2017 көрмесін болашақтың іргетасын бүгіннен қалаған жоба ретінде бағалап отыр. Integrative Media Limited компаниясының бас директоры Алан Спенс біздің арнаға берген сұхбатында көрменің маңыздылығы мен өзектілігі туралы айтып берді.

Алан Спенс, Integrative Media Limited компаниясының бас директоры:

-Мен ЭКСПО-ны Астанада өткізу туралы идеяның пайда болғанынан бастап бақылап келемін. Бұл әр тұрғыдан алып қарағанда, өте маңызды дүние. Мәселен, сіздердің энергетикалық әлеуеттеріңіз басым және болашақ туралы бүгіннен ойлауларыңызға мәжбүр етеді. Келешекте біздің барлығымыздың минералды ресурстарды ысырап етпеуіміз керек, баламалы энергия көздерін іздеуіміз қажет. Соңғы уақытта біз климаттық келісім мәселелері бойынша қиындықтарға кезігіп жатырмыз. Ал ЭКСПО – бүгінгі проблемаларға жіті назар аударатын және ықтимал жауаптар ұсына алатын тақырыбы өте өзекті жоба.

Хабар 24 телеарнасы