384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЭКСПО қалашығы Қазақстанның бренді атанды

  • 936

Бүкіләлемдік туристік ұйымның бас хатшысы Талеб Рафаи ЭКСПО қалашығын Қазақ елінің бренді деп атады.

Өзіндік бойтұмары бар Астананы туристер ағылатын көрікті қала деп бағалады. Мәртебелі мейманның айтуынша, әлем Қазақстанды «мұнайлы мемлекет» деп қана емес, туризмі қарыштап дамыған береке-бірлігі бекем ел ретінде тануы тиіс. Ал «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтың айтуынша, Арқа төріндегі айтулы шараны аз уақыт ішінде 400 мың адам тамашалап үлгерген. Әсіресе «Нұр Әлем» сферасы өзінің бірегей сәулеті және ішкі мазмұнды көрінісімен туристерді қызықтыра бастады. Соңғы күндері оған 150 мыңға жуық адам барған. Жалпы көркі көз тартар ару қаланы көруге келетіндер саны жыл санап артып келеді.

Әсет Исекешев, қала әкімі:

- Бір жылда Астанаға келген шетелдік туристер саны 1 млн адамға дейін жетеді. Жақында британдық беделді басылымның Астана туризм үшін ең тартымды қалалардың бірі бола алатындығын мойындауы бекерден бекер емес. Сондықтан да халықаралық компанияны тарту арқылы Астанада туризмді дамыту тұрғысында тиісті жоспар әзірлеп жатырмыз.

Талеб Рифаи, БҰҰ Бүкіләлемдік туристік ұйымның бас хатшысы: 

- Мен Астанаға осыдан 8 жыл бұрын да келгенмін. Қаланың сол кездегі көрінісімен, дәл қазіргі келбеті жер мен көктей. Осындай аз уақыт ішінде мегаполистің қарыштап дамығанына куә болып отырмын. Мен үшін Астанадағы ЭКСПО қалашығы Қазақстанның бренді деп айта аламын. Жас мемлекеттің туризмі бас қаламен қатар дамитынына сенімім мол.

Хабар 24 телеарнасы