386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO көрмесінде 5 мыңға жуық ерікті тәжірибе жинап жүр

  • 499

EXPO көрмесінде «жасыл» технологиялардың алуан түрін кезіктіруге болады.

Сырттан ағылып келіп жатқан саяхатшылардың санында да шек жоқ. Бұның қасында 5 мыңға жуық маман тәжірибе жинап жүр. Олар халықаралық шараға ерікті ретінде қатысуға ниет танытып, еліміздің түкпір-түкпірінен Астанаға келіп жатыр.

Ақәділ Жаңабев Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универститетінің 4 курс студенті. Болашақ мамандығы – инженер. Яғни халықаралық көрме тақырыбының оған тікелей қатысы бар. Бір жағынан тіл үйрену, танымын кеңейту және жаңа достар табу мақсатында мыңдаған шақырымды артқа тастап, қазір EXPO қалашығында ерікті болып қызмет етіп жүр.

Ақәділ Жаңабаев, ерікті:

- EXPO көрмесіне келгеніме қуаныштымын. Мұндай шараны көрген де арманда, көрмеген де арманда дейді ғой. Көрмеге келіп, өзімнің тәжірибемді кеңінен пайдаланып, ертең EXPO-дан алған тәжірибемді өмірде қолдануға дайынмын.

Ақәділ сияқты EXPO қалашығында мыңдаған отандасымыз жұмыс істейді. Олардың жайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалған. Бір ғана талап бар. Жүктелген міндетті абыроймен атқарса болғаны. Ал олардың құзіретіне кіретін қызмет түрлері әртүрлі. Яғни қарапайым қонақ күтуден бастап, кеңседегі күрделі құжаттарға дейін дайындайды. Бір қызығы – жауапты жұмысты тапсырғанда жас ерекшелігі ескерілмейді. Айтпақшы, мұндағы ең егде ерікті 70 жасқа жуықтаса, ең жасы жақында ғана 15-ке толды.

Малика Рүстем, ең жас ерікті:

- Мен көбінесе супервайзерлермен жұмыс жасағанда, сен 15-тесің ба? Осылай қанша жұмыс атқарып жатырсың деп таңғалады. Бұл мен үшін тәжірибе. Бұл мен үшін өскенде қажет.

Сонымен қатар EXPO көрмесінде 150-ге жуық ерікті жұмыс істейді. Жерлестеріміз дәл солай алдағы уақытта басқа елде өтетін халықаралық шараға қатысуды жоспарлап отыр. Тіпті қазірдің өзінде 2020 жылы Дубайда өтетін EXPO-ға өтініш жіберіп қойғандары бар.

Авторы: Аслан Қаженов

Хабар 24 телеарнасы