430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коста-Рика елінің ЭКСПО-дағы ұлттық күні атап өтілді

  • 693

Бүгін ЭКСПО қалашығында Коста-Риканың ұлттық күні атап өтілді.

Бұл мемлекет - табиғаттың қуатын таңдаған ел. Мұнда өндірілетін энергияның 98 пайызы баламалы қуат көздеріне тиесілі. Сондықтан болар, латын америкалықтар ЭКСПО көрмесіне қызығушылық танытып, осы салада жеткен жетістігімен бөлісуге Астанаға арнайы келді. Ядролық арсеналдан өткен ғасырдың орта тұсында бас тартқан Коста-Рика Республикасы,.. бүгінде Қазақстанның ядролық қарусыздандыру бастамасын қолдап котыр. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1996-шы жылы орнаған. Қазіргі таңда қос тарап сан салада ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі. Әсіресе, медициналық туризм бойынша байланысты бекемдей түспек. 

Кристиан Гильерме Фернандес, Коста-Рика Республикасының сыртқы саясат бойынша бас директоры:

- Латын Америкасындағы жасыл энергияның  үлесі 90 пайыз болады. Мұнда күн және судан қуат алатын әлемдегі ең ірі кәсіпорындар орналасқан. Бұл орайда Коста-Рика да қалыспайды. Біз күн, жел, биомасса, геотермалды және гидро энергияларын өндіреміз. Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметтеріне сүйенсек, 2014 жылы жаңартылатын энергияның үлесі әлем бойынша 22,3 пайызды құрады. Ал, біздің елдегі бұл көрсеткіш 100 пайызға жуықтады.

Хабар 24 телеарнасы