Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

EXPO 2017: Доминикан Республикасының ұлттық күні

  • 855

Бүгін EXPO қалашығында Доминикан Республикасының ұлттық күні өтіп жатыр.

Өзіндік мәдениетімен ерекшеленетін  Гаити аралының тұрғындары көрме қонақтарын несімен таңғалдырады?

Ресми шараға Доминикан Республикасының Үндістандағы елшісі және аталмыш елдің энергетика министрі қатысып, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде елдеріндегі энергетикалық және туристік, инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтып өтті.

Жалпы Доминикан Республикасы Кариб аралдарында орналасқан шағын ғана мемлекет. Олар экспортқа қант, кофе және басқа да тауарларды шығарумен айналысады. Қазақстан мен бұл елдің арасындағы ынтымақтастық енді ғана дамып келе жатыр және тығыз байланысты екі мемлекет те әрі қарай дамытуға мүдделі.

 

Сондай-ақ Доминиканның «жасыл» энергетика саласындағы әлеуетін айтатын болсақ , онда жылына 800 МВатт қуат өндіретін баламалы энергия көздері бар. Оның 600-і гидроэлектрстансаларына тиесілі, 135-і жел трубиналарына, 30-ы биомасса және тағы 30-ы күннен алынатын қуат. Олар алдағы уақытта тағы да 400 МВатт қуат өндіретін баламалы энергия көздерін құруды жоспарлап отыр. «Ол үшін 800 млн АҚШ доллары қажет», – деді өз сөзінде Доминикан энергетика министрі.

Хабар 24 телеарнасы