419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысының белгілі марафоншысы ЕХРО-ға велосипедпен бармақ

  • 623

Ақмола облысының белгілі марафоншысы Балғабай Құлпейісов көрмеге велосипедпен бармақ.

Жасы алпыстан асқан спортшы саяхатын Бурабайдағы «Абылайхан» алаңынан бастайды. Елордаға дейінгі 200 шақырымдық жолды қос аяқты арбамен бағындыруды жоспарлаған ол жол-жөнекей салауатты өмір салтын да насихаттамақ. Сонымен қоса Балғабай Құлпейісов кезінде Әміре Қашаубаевтың Парижде шырқаған әні Балқадишаны елімізде өтіп жатқан көрме төрінде орындап бермек. Оның бұл бастамасын аймақтың әнші жігіттері де қолдап отыр.

Балғабай Құлпейісов, марафоншы:

– 21-і күні Алла жазса Астанамызға жетіп, көрмеге леп белгісін қою үшін сал-серілер керуенін апара жатырмыз. Менімен 200-дей жастар барады. Бәрі де қазіргі кездің сал-серілері деуге болады.

Хабар 24 телеарнасы