383,35 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР Президенті: EXPO-2017 күллі технология әлемі үшін ешкім күтпеген қуатты іс-шараға айналды

  • 453

Қазақстан Президенті халықаралық EXPO 2017 мамандандырылған көрмесін өткізудің маңыздылығына тоқталып, оның жұмысы аяқталғаннан кейін кешен нысандарын пайдалану жоспары туралы ой бөлісті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- EXPO-2017 Қазақстан үшін ғана емес, күллі технология әлемі үшін ешкім күтпеген қуатты іс-шараға айналды. Біз қысқа уақыт ішінде Астанада жаңа әрі үлкен ауданды тұрғызып шықтық. Бұл – ерекше аудан. Ол қазірден-ақ барша қазақстандықтар мен шетелдік қонақтар баратын сүйікті, көрнекті орынға айналды. Біз көрме өтетін үш ай бойында келушілер саны 2 млн-ға жетеді деп жоспарлағанбыз. Алайда екі ай ішінде ғана 2,5 млн адам келді. Әрбір павильонға кіру санын есептегенде, бұл көрсеткіш 20 млн-ға жеткен.

Хабар 24 телеарнасы