405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ОҚО-ның Астанадағы күндері ЕХРО аумағындағы амфитеатрда қорытындыланды

  • 584

Бай бағдарламаға құрылған гала-концертте өңірдің ең мықты өнер өкілдері сахнаға шықты.

Тек облыс көлемінде еңбек ететін әншілер мен бишілер ғана емес, бір кезде осы өңірден түлеп ұшқан саңлақтар да халықаралық көрме астанасының қатысушылары мен қонақтарының алдында ән салды. Танымал әншілер Нұрлан Өнербаев, Алтынай Жорабаева, Жұбаныш Жексенұлы, Заттыбек Көпбосынов және тағы басқалары өз репертуарларындағы ең таңдаулы туындыларын ұсынды. Ән шырқалып қана қойған жоқ. Бишілер тобы да өз шеберліктерін паш етті. Енді бірде классикалық жанр өкілдері өз өнерлерін ерекше шабытпен орындады. Себебі өнер шеберлері кіндік қаны тамған өлкенің мықтылығын дәріптеуге келген еді.

Заттыбек Көпбосынов, әнші:

- Халық пікірімен санаспасақ тағы болмайды. Сол кісілердің бәрінің қалағаны Ақмаржан болған екен. Сондықтанда сол Ақмаржанмен бүгін Астананың ЕХРО ның төрінде  таза ауада әдемі кештің ортасында сол әнімізді шашқалы тұрмыз. Бұл деген елдің сәлемі. Оңтүстіктің астанаға деген үлкен құрметі.

Жұбаныш Жексенұлы, әнші:

- Барлық қазақстандықтарды осынау елімізде болып жатқан, арқаның төрінде болып жатқан ЕХРО көрмесімен, осындай бір меркесімен құттықтағым келеді. Одан кейін мына ЭКСПО-ның соңғы күндері осы бір аптаның көлемінде сол тайлы тұяғымызбен осы жаққа бет бұрып, сол өңірде жүргені бар өңірден шығып басқа жақта жүргені бар, барлық жаңағы оңтүстіктен шыққан қыздар жігіттер жалпы ағаларымыз, апаларымыз оңтүстік қазақстан облысының күндеріне келіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы