378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: EXPO 2017 көрмесі экономикаға өз пайдасын тигізді

  • 506

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов осындай пікірде.

Сарапшының айтуынша, шара басталмай жатып-ақ табыс көзіне айналған.

Вячеслав Додонов, ҚСЗИ ғылыми қызметкері:

- Павильондардың құрылысы басталған кезде көрмеден табыс түсе бастады. Яғни отандық құрылыс компаниялары тапсырыс алып, өз қызметін ұсынды. Құрылыс материалдарын өндірушілер де табысқа кеңелді. Бұған қоса елге ағылған туристерден де пайда түсті. Ішкі туризм дамыды. Транспорт және қызмет көрсету салаларынан да қалалық және республикалық бюджетке кіріс түсті.

Хабар 24 телеарнасы