386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Фируза Шәріпова кәсіби рингтегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

  • 1385
Фируза Шәріпова кәсіби рингтегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді vk.com

Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова кәсіби рингте алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Испанияның Санта-Поло қаласында шілденің 30-ынан 31-іне қараған түні өткен кездесуде 21 жастағы боксшымыздың қарсыласы тәжірибелі итальян боксшысы Анжела Канецаро болды. Төрт раундқа шақталған жекпе-жек соңына дейін жеткізіліп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске отандасымыз лайық деп танылды. Осылайша Шәріпова әлем бойынша әйелдер боксындағы алғашқы промоуторлық компанияның қамқорлығымен алғашқы жекпе-жектерін бастап та кетті. Естеріңізге сала кетейік, 21 мамырда келісімге отырған Шәріпова кәсіби алаңдағы алғашқы кездесуінде ресейлік Софья Очигаваға жол берген болатын.

Хабар 24 телеарнасы