389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеліктер Фархад Харкидің жеңісін тойлауда

  • 792

Рио-де-Жанейро Олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржынына қола медаль салған Фархад Харкидің жеңісін ақтөбеліктер тойлап жатыр.

Себебі қазақстандық ауыр атлет 5 жылдан бері жарыстарға Ақтөбе облысының атынан қатысып жүр. Ол бұған дейін бірнеше мәрте Қазақстан және Азия чемпионы атанды. Биыл Қазақстан құрамасы сапынан орын алып, Олимпиадаға жолдама алғанда жанкүйерлері қатты қуанған болатын. Зілтемірші сол сенімді ақтады, - дейді олар. Қобыланды батыр атындағы орталық стадионға жиналған жұрт өңірдің ауыр атлетика тарихындағы алғашқы жеңісімен бір-бірін құттықтап жатыр. Фархад жұлқа көтеру сайысында алдымен 135 келіні төбесінен асырып, екінші, үшінші мүмкіндігінде 140 келіге тапсырыс берген болатын. Алайда бұл салмақ атлетке бағынбады. Нәтижесінде 135 келімен жұлқа көтеру сайысын үшінші болып аяқтады.

Қадыржан Ізғарин, ауыр атлетикадан спорт шебері, ардагер:

- Қазақстан халқы үшін өте қуанышты күн. Себебі біз теледидардан көріп, Риода болып жатқан жазғы Олимпиада ойындарын қызықтап жатырмыз. Бүгінгі қуанышымызда шек жоқ, себебі Ақтөбе облысының атын шығарып жатқан Харки ініміз өте жақсы жеңіске жетіп, қола медалға ие болды. Бұл тұңғыш рет, бұрын Ақтөбе тарихында болмаған.

Хабар 24 телеарнасы