389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кенесеры хан мен Кейкі батырдың бас сүйектері елімізге қайтарылуы мүмкін

  • 928

Кенесеры хан мен Кейкі батырдың бас сүйектері елімізге қайтарылуы мүмкін.

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов, Сочи қаласында Ресей Премьер-министрі Дмитрий Медведевпен екіжақты кездесу өткізіп, осы мәселені көтерді. Қазақтар үшін аса маңызды тарихи тұлғаларды елге әкеліп жерлеу, көпшіліктің тілегі екенін айтқан Үкімет басшысы, бұл мәселені шешуді сұрады. Сондай-ақ, кездесуде қос мемлекет транс-шекаралық өзендерді тереңдетумен бірлесіп айналысатын болып келісті.

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-Министрі:

- Бізде бір маңызды мәселе бар. Біздің ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшыларының сүйектерін елге қайтару мәселесін шешіп беруіңізді сұраймын. Олардың денелерін Ресей Ғылым академиясының Петр Біріншінің атындағы Антропология және этнография мұражайында жатыр. Мүмкіндік болса, олардың мәйітін Қазақстанға қайтарып, еліміздің топырағына жерлесек деген ниетіміз бар. Бұл қазақ халқы үшін өте маңызды әрі ерекше қолқамыз.

Дмитрий Медведев, РФ Премьер-Министрі:

- Еш күмәніңіз болмасын. Мен ауызша және егер қажет болса, жазбаша тапсырма беріп, бұл мәселенің анық-қанығын анықтаймын.

Содан соң Премьер-министр Кәрім Мәсімов Сочи қаласында Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты. Жиында Қазақстан, Ресей, Беларусия, Армения және Қырғыз елінің Үкімет басшылары экономикалық интеграцияның маңызды мәселелерін талқылап жатыр. Кеңес барысында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Кеден кодексін қабылдаудың соңғы мерзімі туралы шешім қабылдануы тиіс. Сонымен қатар, тараптар одақ аумағындағы тауарлардың тасымалдануы, дәрі- дәрмектің айналымын бақылау сынды мәселелерді пысықтайды. Бұдан бөлек, Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуына байланысты одақ аумағындағы тауар айналымына қатысты жайттар да қаралады.

Хабар 24 телеарнасы