386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана Опера» театрында танымал музыканттар өнер көрсетті

  • 880

«Астана Опера» театрының камералық залы Франция, Швейцария және Ресейден келген танымал музыканттардың әуенді өнерімен әрленді.

Олар музыка тарихындағы кемеңгер композитор Иоганн Себастьян Бахтың шығармашылығына арнап «Бах сазымен» атты концерт өткізді. Оның сырға толы әуендерін скрипкашы Рашель Кисканин, альтшы Павел Романенко виолончельші Эльдар Сапараев орындады. Швейцарияға қоныс аударған отандасымыз Эльдар Сапараевтың айтуынша, алдағы уақытта өзінің қатысуымен Қазақстанда тағы екі концерт өтеді деп жоспарланған. Ол кезде «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетуге шет елдік танымал музыканттармен бірге қазақстандық өнер майталмандары да шақырылмақ.

Эльдар Сапараев, виолончельші:

- Егер бұл туындыны қайырмасымен орындайтын болса, бір жарым сағатқа созылады. Оның бәрі бір деммен орындалуы тиіс. Барлық бұрылыстар бір-бірімен үндесіп жатыр. Әуелі 14 өзгеріс бір демде де кейін тағы 14 түрлі дыбыс. Үндестігін ештеңемен салыстыруға келмейді.

Хабар 24 телеарнасы