389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бүгін Рио Олимпиадасында өнер көрсететін қазақстандық спортшылардың тізімі

  • 1877
Бүгін Рио Олимпиадасында өнер көрсететін қазақстандық спортшылардың тізімі

Рио Олимпиадасының 12-ші күнінде қазақстандық спортшылар бірнеше спорт түрінен бақ сынайды.

Боксшы Данияр Елеусінов пен Шахрам Гиясов арасында финалдық кездесу болады. 17 тамызда таэквондошылар жарысы басталады. 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айнұр Есбергенова ел намысын қорғайды. Отандасымыздың 1/8 финалдағы алғашқы қарсыласы - хорватиялық таэквондошы Люция Занинович. Бұл Айнұрдың алғашқы Олимпиадасы болса, оның қарсыласы атанған Люция үшін бұл екінші Олимпиада. Ол Лондон Олимпиадасында қола жүлдегер атанған болатын. 1/8 финалдық кездесулер 17 тамызда Астана уақытымен сағат 18:00-де басталса, отандасымыздың белдесуі сағат 21:30-ға жоспарланған. 

Астана уақытымен сағат 18:08-де 1000 м қашықтықта екілік байдарка есу бәсекесінде Алексей Дергунов пен Евгений Алексеев іріктеу кезеңіне қатысады

Ал сағат 18:16-да 200 метр қашықтықта канэо есу сайысында ерлерден Тимур Хайдаров сынға түседі. Сонымен қатар, 17 тамызда еркін күрес түрлері бойынша сайыстар басталады. Қазақстандық Эльмира Сыздықова 1/8 финалда Наталья Воробьёвамен боз кілемге шығады.

69 келіде еркін күрестен белдесулер сағат 19:00-де басталғанымен балуан қызымыз шамамен 19:16-да күреседі. 48 келіге дейінгі салмақта күресетін Жұлдыз Ешімова мен жапон қызы Эри Тосака арасындағы кездесу уақыты да 19:16-ға белгіленген. 

800 м қашықтықты бағындыратын жеңіл атлеттер сыны сағат 19:55-те басталады. Маргарита Мукашева тобындағы желаяқтар сағат 20:02-де бастайды. Сондай-ақ бүгін 75 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайтын боксшы қызымыз Дариға Шәкімова сағат 23:45-те шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы марокколық Хадиджа Марди. 

17 тамыздан 18 тамызға қараған түні сағат 01:30-да 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде боксшылар арасында «алтын» үшін жекпе-жек басталады. Финалда отандасымыз Данияр Елеусінов пен өзбекстандық спортшы Шахрам Гиясовпен жұдырықтасады.

Хабар 24 телеарнасы