384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жерорта теңізінде 300-ден астам мигрант құтқарылды

  • 745

Италияның Сицилия аралындағы Трапани айлағына 304 мигрант жеткізілді.

Олар мінген бірнеше қайық Ливия жағалауында шайқалып, апат қаупі төнген. Тіпті біреуі төңкеріліп, 5 адам ажал құшты. Марқұмдардың арасында 2 бала бар. Құтқарылғандар Еуропа аспақ болған Сирия, Нигерия, Судан мен Гана елдерінің азаматтары. Сонымен бірге, осы аптада балықшылар Ливияға жақын маңда су бетінде жайсыз жағдайға тап болған жарты мыңнан астам босқынды құтқарған болатын. Сарапшылар Жерорта теңізінің бойымен "кәрі құрлыққа" барғысы келетін келімсектердің көбею себебін Эгей теңізі арқылы Балқан елдеріне өтіп, одан әрі жалғасатын жолдың қатаң бақылауға алынуынан көреді. Жалпы Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, биылғы жыл басынан бері Италияға заңсыз теңіз қатынасы арқылы 102 мың мигрант келген.

Хабар 24 телеарнасы