389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда зілзала құрбандарының саны артты

  • 722

Италияның орталық бөлігінде тағы да жер сілкінді.

Акуила қаласынан 30 шақырым жерде тіркелген бұл жолғы тербелістің магнитудасы 4-ке жеткен. Қирандылар мен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ. Ал сәрсенбіге қараған түні болған жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 159 адамға жетті. Бұл туралы Азаматтық қорғаныс жөніндегі ұлттық қызмет өкілдері хабарлаған. Мәлімет бойынша, 106 тұрғын Риети, тағы 53-і Асколи-Пичено провинциясында ажал құшты. Ондаған адам із-түссіз жоғалып кеткен. Құтқарушылар мен еріктілер үйінділерді аршып, тірі қалғандарды іздеп жатыр. Үкімет табиғи апат салдарын жойып, жапа шеккен халыққа көмек көрсету үшін 235 миллион еуро бөлуге уәде берді.

Хабар 24 телеарнасы