386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында бекіре өсіретін ферма ашылды

  • 954

Қарағанды облысында бекіре өсіретін бірінші ферма іске қосылды. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін 500 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған.

Мемлекеттік қолдаумен ашылған кәсіпорын келер жылдан бастап толық қуатта жұмыс істейді. Сөйтіп, балық шаруашылығымен айналысатын ферма жылына 45-50 тонна балық өндіретін болады. 

Қызыл кітапқа енген балықтарды қолда өсіру оңай емес. Мәселен мына хауызда 550-ден астам майшабақ жүзіп жүр. Олардың әрқайсысының салмағы 250-280 грамм болады. Оларды күніне 6 рет тамақтандырады. Жалпы бір жылдан кейін олардың салмағы 1-1,5 келіге дейін жетеді деп жоспарланған. Балықтар да бала сияқты ерекше күтімді қажет етеді. Сондықтан мамандар олардың салмағы мен тамақтандыру тәртібіне қарай 9 хауызда өсіреді. Еуропада құрастырылған техника автоматты түрде жем беріп, уақытымен хауыз суының тазалығын қамтамасыз етеді.

Дмитрий Абильдин, «Қарағанды бекіре» фермасының директоры:

- Балық өсіруде суға мән беру керек. Біз жер асты суын 100 метр тереңдіктен скважинадан аламыз. Мамандар кейде қолдан тамақтандырады. Балықтарға қажетті жемді Норвегиядан алдыртамыз. Балықтарды сатуға шығару жүрін оларды өсіру керек. Кем дегенде 2-2,5 келі болғанда ғана сатылымға шығарамыз.

Бұл ферма өңірде бекіре өсіретін алғашқы шаруашылық. Сондықтан Дмитрий маңызды қадамға бармас бұрын нарықты зерттеген. Қарағандылықтардың бағалы балықтарға сұранысы жоғары.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, облыс әкімі:

- Өзіміздің нарығымызда балық етінің қандай түрі сұранысы бар екенін анықтады. Жобаны жүзеге асыру үшін 500 миллионнан астам қаражат бөлінді. 70 пайызын кәсіпкерлер, 30 пайызын «Қазагрофинанс» бөлді 180 миллиондай. Негізінде тиімді болады. Жұмсалған қаражат ақталады. Пайдасын тигізеді деп.

Қазір хауыздарда 10 тоннадай балық бар. Олардың 16 мыңға жуығы өскеннен кейін сатылымға шығатын балықтар. Кәсіпкер облыс аумағынан бөлек Астананы да балықпен қамтуды көздеп отыр.

Авторлары: Әсел Тұмашқызы, Бауыржан Қадіржанов.

Хабар 24 телеарнасы