387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда лаңкестермен болған атыстан 8 әскери көз жұмды

  • 626
Түркияда лаңкестермен болған атыстан 8 әскери көз жұмды www.habermarmara.com.tr

Түркияның Ван провинциясының Чалдыран ауданында полициялар мен «Күрдістан жұмысшылар партиясы» содырлары арасындағы атыстан 4 әскери қаза тапты. Бұл  туралы Haber7.com хабарлайды. Тендүрек тауының етегінде қауіпсіздік күштері мен лаңкестер арасындағы атыс екі күннен бері жалғасып жатыр. Алдыкүні 4 әскери қаза тапса, кеше аймақта болған атыстан тағы 4 әскери көз жұмды. Ван әкімінің мәліметінше, әзірге қанша сарбаздың қаза тапқаны белгісіз. «Марқұм болғандар саны 8-ге жетуі мүмкін. Нақты мәліметті ертең айтатын боламыз», - деді Ван әкімі.

Хабар 24 телеарнасы