378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеудегі кітап жәрмеңкесіне қазақстандық 14 баспа қатысуда

  • 843

Мәскеудегі халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде кітап жәрмеңкесі ашылды. Көрмеге 37 елден 500-дей басылым қатысуда. Дәстүрлі шара биыл 29-шы рет өткізіліп отыр. Қазақстандық 14 баспа да өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Ұлттық экспозиция Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен EXPO-2017 көрмесіне арналған. Көрмеде жаңа оқулықтар, Қазақстан тарихы мен мәдениетіне арналған кітаптар, балаларға арналған туындылар мен ғылыми әдебиеттер көп. Кітап авторлары оқырмандармен кездесіп, жаңа жобасымен таныстырды. Бүгінде отандық баспагерлер ТМД-лық әріптестерімен табысты еңбек етуде.

Жанат Сейдуманов, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры:

- Бұл көрме біздің 25 жылдық егемендігімізге арналады. Келесі жылы EXPO болады. Біздің кітап көрмесінде, біздің кітаптарымыз әртүрлі кітаптар. Оның ішінде әдеби кітаптар бар, энциклопедиялар бар, оқулықтар бар. Жалпы 250 кітап әкелдік. Оқырмандардың арасында қызығушылық болып жатыр. Қазақ жазушыларын орыс тіліне аударып, Ресейде шығару жобасы бар. Соған да келістік.

Александр Карлюкевич, «Звезда» баспа үйінің директоры:

- Соңғы жылдары қазақ мәдениетімен, беларусь әдебитімен байланысты бірнеше творчестволық жобалар жүзеге асты. Соңғы 25 жылдың ішінде қазақ әдебиетін қамтитын «Созвучие сердец. «Беларусь-Казахстан» атты кітап жарық көрді. Басқа да жобаларды ойластырып жатырмыз. Қазақстан мен Беларусь төңірегінде басқа да ұлттық әдебиеттер бірлесс  деген ойдамыз. 

Хабар 24 телеарнасы