384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы Орталық мешітке айт намазын оқуға таңертеңнен он мыңнан астам адам жиналды

  • 578

Алматылықтар да Құрбан айт мерекесін кең көлемде атап өтуде. Бүгін таңертеңнен Орталық мешітке айт намазын оқуға он мыңнан астам адам жиналды. Айт намазы оқылып, құрбандық шалынған соң тұрғындар жақындарының үйіне айттап, барып жатты. Ержан Есім былтыр жұмыс бабымен Алматы қаласына ауысқан. Құрбан айтты мұсылманның ең басты мерекесінің бірі деп біледі. Бүгін өзінің достары айттап келіп отыр. Мерекені тойлауда отбасының әрбір мүшесі үлес қосатынын айтады.

Ержан Есім, қала тұрғыны:

- Мысалы, қарындасымыз міне Құрбан айт құтты болсын деген өзінің өнерімен тортын пісіріп жатыр. Анамыз қуырдағын пісіріп, дастарханын жайып барынша маңызын көтеріп жатыр.

Салауат Әуезов те құрбандық шалып, мұсылмандық парызын өтеп отыр. Бүгін айттап келген ағайын-туыс пен көрші-қолаңнын бір дастарханда басы қосылды. Амандық-саулық сұрасқан соң үлкендер мерекені насихаттап, әңгіме-дүкен құрды. Ал жастар сол ғибраты мол сөздерді көкейіне түйіп отырды.

Зәуреш Әуезова, қала тұрғыны:

- Айттап барамыз бәріміз, ағайын-тумаға, көрші-қолаңға бәріне де барамыз. Бір жыл күтіп басымыздың аман, деніміздің сау жеткеніне беріп жатқан садақа деп ойлаймын өзім. 

Хабар 24 телеарнасы