384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде қола дәуіріне тиесілі көне тас табылды

  • 682

Семей қаласының тұрғыны Бауыржан Базбеков өз ауласынан сырты өрнектелген, көне тас тауып алды. Құдық қазып жатып әуелгіде мән бермепті. Сосын бұдан бірнеше жыл бұрын бақшасынан ескі пышақ тауып алғаны есіне түсіп, жұмысты дереу тоқтатады. Жергілікті өлкетанушылар мен тарихшылар да бұл жаңалыққа қызығушылық тудырып отыр. Археологтардың алдын-ала болжауы бойынша, бұл тас қола дәуіріне тиесілі, тіпті сақ патшаларының қорымы, яғни тас-табыт болуы әбден мүмкін. Қазір мамандар зерттеуге белсене кірісті.

Амантай Исин, Тарих ғылымдарының кандидаты:

- Біздің қаламыздың тарихы тереңде ғой, қаланың өзінің шеңберінде ескерткіштер табылып жатыр, соның куәгері болып тұрмыз. Тастан құйылған үлкен бір саркофакқа ұқсас үлкен тас шықты. Солай болуы әбден мүмкін дейміз. Өйткені тастың келбеті және сыртында бір өрнектер бар екен.

Бауыржан Базбеков, қала тұрғыны:

- Сантехниктер келіп айтты істейтін, мынаны үлкен ғып қазбасаңыз, үлкен насос тұрады, соған үлкен қылып қазу керек деді. Содан кейін қазып, осы тасты таптым, әйтпесе ол сол беті табылмай жата беруші еді. Алғашында ойладым мынау жай тас екен деп, сосын үлкен тастың бұрышы шыққаннан кейін өрнектері шықты, бұл ежелгі тас болуы керек деген қызығушылық пайда болды содан.

Хабар 24 телеарнасы