384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде отбасы және гендерлік саясат тұжырымдамасы жасалды

  • 2468

Елімізде отбасы және гендерлік саясаттың жаңа тұжырымдамасы жасалды. Құжат әйелдерді жынысына қарай кемсітуге жол бермеуге, зорлық-зомбылықты жоюға және репродуктивті денсаулықты сақтауға мүмкіндік береді. Тұжырымдаманы әзірлеу барысында Әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы бірқатар агенттіктері, ұлттық және халықаралық сарапшылар өз ұсыныстарын енгізген. Құжат жылдың соңына дейін қабылданып, 2030 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Светлана Жақыпова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары:

- Тұжырымдама 3 кезеңмен жүзеге асатын болады. Біріншісі, 2017-2019 жылдарды, екіншісі, 2020-2022, соңғы, үшінші кезең 2023-2025 жылдар аралығын қамтиды. Отбасы және гендерлік саясаттың тұжырымдамасын қазір қабылдау маңызды боп тұр. Қазақстандықтардың 85 пайызы отбасы құндылығын маңызды деп түсінеді. Дегенмен, қоғамда тәрбие дағдарысы байқалады. Отбасындағы қарым-қатынас, отбасы құндылы өзінің маңыздылығын жоғалтып барады. Әркім жеке басының қызығушылығын отбасынан жоғары қоя бастады.

Хабар 24 телеарнасы