384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-тың Әділет министрлігі Deutsche Bank-тан 14 млрд доллар талап етті

  • 502
АҚШ-тың Әділет министрлігі Deutsche Bank-тан 14 млрд доллар талап етті Фото: news.meta.ua

АҚШ-тың Әділет министрлігі Deutsche Bank-тан 14 млрд доллар талап етті. Бұл қаржы 2008 жылы дүниежүзілік қаржы дағдарысына әкеп соққан бағалы қағаздар саудасындағы өрескел қателіктер үшін өтемақы болып саналады. Ал неміс банкі өз кезегінде бұл ақшаны америкалық министрлікке төлемейтінін кесіп айтты. Айта кеткен жөн, бұған дейін АҚШ-тың Әділет министрлігі банктерден өтемақы өндіріп алған болатын. 2013 жылы Morgan Chase 13 млрд доллар төлеуге келіссе, Bank of America 2014 жылы 17 млрд доллар төлеген.

Хабар 24 телеарнасы