378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕО саммитіне алғаш рет Ұлыбритания өкілдері қатыспады

  • 517

Еуроодаққа мүше 27 елдің жетекшілері алдағы жарты жыл ішінде бірлестік құрамынан Ұлыбританияның шығу мүмкіндігі ескерілген даму жоспарын дайындауға келісті. Бұл шешім Словакия астанасы Братиславада өткен бейресми саммит қорытындысы бойынша қабылданған. Еуроодақ дамуының жол картасында заңсыз көші-қон мәселесі мен қауіпсізідік саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге ерекше назар аударылады. Сондай-ақ ішкі нарықты нығайтып, инвестицияларды арттыру да жоспарда бар. Айта кеткен жөн, Еуроодақ саммиті алғаш рет Ұлыбритания өкілдерінің қатысуынсыз өтті. 23 маусымдағы референдум қорытындысы бойынша, британдықтар одақ құрамынан шығу үшін дауыс берген болатын.

Дональд Туск, Еуропалық одақтың төрағасы:

- Біз Еуропадағы қазіргі саяси жағдайды сараладық. Бүгінде миллиондаған еуропалықтың өзін қауіпсіз сезінбейтіні рас. Олар көші-қон, лаңкестік және әлеуметтік-экономикалық даму мәселесіне қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Сол себепті 27 елдің өкілдері жұмылып, бұған дейін жіберілген қателіктерге бой алдырмау үшін барымызды саламыз.

Хабар 24 телеарнасы