384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда «Tech Garden Fair» технологиялық фестивалі өтті

  • 714

Алматыда үздік жобаларды таныстыратын «Tech Garden Fair» технологиялық фестивалі өтті. Орталық Азиядағы ең ауқымды шара «Инновациялық технологиялар паркінің» 10 жылдығына арналған. 3D принтерге арналған нано ұнтақ, мұнай цистерналарына пайдаланатын ерекше жабын. Алматыдағы инновациялық технологиялар паркі жаңа жобаларын жетілдіруде. Бұл жұмысқа әлемге әйгілі McKinsey мен IBM сияқты трансұлттық компаниялар жұмылдырылған.

Санжар Кеттебеков, «Инновациялық технологиялар паркі» автономдық кластерлік қорының бас директоры:

- Біз тау-кен мен мұнай саласында жаңа жетістіктерге жетуді көздеп отырмыз. Полимер мен ұнтақты 3D баспаға қолданамыз. Бұл машина жасау саласының дамуына оң ықпал етеді деп сенеміз.

Кеше ғана келешек жоспарда болған жоба, бүгінде өз жемісін беруде. Арнайы экономикалық аймақта телекоммуникациялық құрылғыларды шығаратын зауыт жұмыс істейді. Мұнда шығарылған электрониканың игілігін ел көріп отыр. Қазір 400 мыңнан астам қазақстандық отбасы сандық телеарнамен қамтылған.

Нұрлан Жәнібеков, зауыт директоры:

- Бізге кеден саласында арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Жұмысымызды сапалы атқаруға тырысамыз. Ойға алған әлі талай тың жобаларымыз бар.

Инновациялық технологиялар паркінің тірегі - старт-ап жобалар. Бір жыл ішінде сарапшыларға 900-ге жуық жұмыс келіп түскен. Биыл үздік 40 жобаға қаржы бөлініп, парк базасында жүзеге асырылады деп күтіліп отыр. Ал ең озық жоба Кремний алқабына жіберілмек.

Авторлары: Асқарбек Қазанғап, Татьяна Напольская, Ерлан Ажанов.

Хабар 24 телеарнасы