378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Игра престолов» телехикаясы «Эммидің» бас жүлдесін жеңіп алды

  • 881
«Игра престолов» телехикаясы «Эммидің» бас жүлдесін жеңіп алды Фото: © Vince Bucci/Invision for the Television Academy/AP Images

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында «Эмми» жүлдесін салтанатты табыстау рәсімі өтті. Ең үздік комедиялық сериал марапатын «Вице-президент» (Veep) туындысы алса, ал үздік драмалық сериал жүлдесін «Игра престолов» телехикаясы жеңіп алды. Айта кетейік, былтыр да дәл осы номинацияда аталған телехикая үздік деп танылған болатын.

«Игра престолов» биыл 23 номинация бойынша марапатқа ие болды. Бұған дейін сериал техникалық номинацияда 9 жүлде иеленді. Олардың арасында визуалды эффектілер үшін, сондай-ақ үздік режиссура мен үздік сценарий үшін алған марапаттары бар.

Хабар 24 телеарнасы