376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда табиғи апаттан 6 адам көз жұмды

  • 666

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында дауыл ойран салып, 6 адам қаза тапты. Тағы 10 тұрғын ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Күшті жел өзімен бірге нөсер алып келіп, оның соңы су тасқыны мен лай көшкініне ұласты.

Табиғи апаттан Паньчжихуа қаласы қатты күйреп, жергілікті мектептің төбесі опырылып ортасына түсті. Бірқатар ғимаратқа елеулі нұқсан келген. Сондай-ақ шаһардың кейбір аудандарының тұрғындары жарықсыз отыр.

Хабар 24 телеарнасы