389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теміртауда қазандықты жөндеу жұмыстары желтоқсан айына дейін созылмақ

  • 721

Қарағанды облысындағы 800-дей білім мекемесі қарыздан ада-күде аман. Барлығы жылу маусымына сақадай-сай. Бұл туралы жауапты мекеме басшылары мәлімдеді. Ауруханалар мен әлеуметтік нысандар да 99 пайызға әзір. Қазір 500-ге жуық көпқабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыс бойынша бұл бағыттағы жұмыс 97 пайызға орындалған. Жалпы, өңірде 8 жылу электр стансасы бар. Биыл Теміртаудағы жылу орталығының дайындығы көңіл көншітпей отыр. №1 қазандық пен 1-турбинаның жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімнен кешіктіріледі деп күтілуде. Ал екінші қазандықты жөндеу жұмыстары желтоқсан айынының ортасына дейін созылмақ. Еске сала кетейік, өткен жылы қыста болған апаттың салдарын жоюға екі ай уақыт кеткен болатын. Биыл облыс бойынша жөндеу жұмыстарына 44 млрд теңге жұмсалды. 10 қазанға дейін өңірдегі тұрғын үйлер толық жылу жүйесіне қосылады деп жоспарланып отыр.

Нұрлан Мәжитов, Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Бүгінге дейін барлық 47 жылу жүйесінің қазандықтары жөнделді. Сонымен қатар 116 шақырым жылу торабы мен 127 шақырым су құбырлары және кәріз жүйесі күрделі жөндеуден өткізілді.Сондай-ақ 3,5 мың шақырым электр жүйесі мен 761 қосалқы станса қысқы маусымға толық дайын. 

Хабар 24 телеарнасы