384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

WorldSkills Kazakhstan-2016 чемпионатының жеңімпаздары Еуропаға аттанады

  • 506

Worldskills ұлттық чемпионатының жеңімпаздары Еуропа біріншілігіне қатысуға ұсынылады. Бұл туралы байқау ұйымдастырушылары мәлімдеді. Ата кетейік, Worldskills жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру және дәріптеуге мақсатталған халықаралық қозғалыс. Қазіргі таңда оның құрамына 75 мемлекет кіреді. Жоба елімізде былтыр алғаш рет 7 кәсіп түрі бойынша өткізілсе, биыл бұл көрсеткіш 15-ке жетті. Шараға еліміздің барлық өңірінен 140 үміткер қатысты. Бірінші орынды Ақмола облысы жеңіп алды

Ернат Жүнісов, ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының міндетін атқарушы:

- Биылғы жеңімпаздарымыз Швецияда өтетін байқауға қатысады. Оның ішінде біз 5 мамандық бойынша қатысамыз. Және жеңімпаздарымызды 2 ай бойы Астана қаласында дайындауды көздеп отырмыз. Жеңімпаздарымыз ары қарай Worldskills халықаралық чемпионатына қатысып, үлкен жетістіктерге жетеді деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы