389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Бишімбаев: Биыл тұрғын үй құрылысына қосымша 360 млрд теңге бөлінді

  • 1965
Қ.Бишімбаев: Биыл тұрғын үй құрылысына қосымша 360 млрд теңге бөлінді aktobenews.kz

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысында биылғы тұрғын үй құрылысы туралы мәлімдеді.

Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды. Қ.Бишімбаевтың мәліметі бойынша, барлық көздерден пайдалануға берілген тұрғын үй ауданы 2016 жылдың қаңтар-тамыз аралығында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға артты. Сонымен қатар, көппәтерлі тұрғын үйлердің ауданы 26,7%-ға, жеке тұрғын үй 4%-ға өсті.

«Оң динамика сақталады және пайдалануға берілетін тұрғын үй үшін мемлекеттік қаражаттан 507 мың шаршы метр салынды. Биыл барлық қаржыландыру көздері есебінен 750 млрд теңгеге шамамен 9 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр», - деді Қ.Бишімбаев.

Министр бұл ең алдымен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында қабылданған шаралармен, сондай-ақ Үкімет пен Ұлттық банктің дағдарысқа қабылдаған қарсы іс-шараларымен байланысты екендігін атап өтті.

«2020 жылға қарай «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 4,5 млн шаршы метр баспана пайданалуға беру қаралған. Осы мақсатта 145 млрд теңге бөлінді, оның ішінде жалға беру және несие салу баспанасына 2015 жылы – 122,5 млрд теңге, ал 2016 жылы «ҚИК» АҚ арқылы жалға берілетін тұрғын үй құрылысын жалғастыру – 22,5 млрд теңге. Бұдан өзге, биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғын үй құрылысына қосымша 360 млрд теңге бөлінді», - деді Қ.Бишімбаев.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік қаражаттың нәтижесінде 2015 жылы және 2016 жылдың қазіргі күніне дейін 22,6 мың отбасыға баспана берілді, ал жыл соңына дейін қосымша 6,8 мың отбасыға баспана қарастырылады. 2017 жылы тағы 33 мың пәтер салынады.

Хабар 24 телеарнасы