387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ОПЕК-ке мүше елдер мұнай өндірісін қысқартуға келісті

  • 2139

ОПЕК-ке мүше елдер мұнай өндірісін қысқартуға келісті. Қара алтын экспорттаушы мемлекеттер мұндай мәмілеге 2008 жылдан бері алғаш рет қол жеткізіп отыр. Қарашадан бастап қара алтын өндірісі тәулігіне 32 жарым миллион баррельге төмендейді. Бүгінде олар 33 миллион баррель өндіреді. Өндірісті қай елдің қанша көлемде қысқартатыны туралы келісім қараша айында Венада өтетін отырыста нақтыланбақ. Ол кезде келіссөздерге ОПЕК-ке мүше емес Ресей сынды қара алтын өндіруші елдер де қатысады.

Айта кеткен жөн, мұнайды ең көп экспорттайтын елдер ұйымының Алжирде өткен бейресми кездесуінде қол жеткізген келісімі трейдерлер үшін күтпеген жағдай болып, мұнай бағасының қымбаттауына әкелді. Brent маркалы Солтүстік теңіздегі қара алтын қоспасының желтоқсанға белгіленген құны баррель үшін 49 долларға дейін көтерілген. Бұл қыркүйек айының басынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.

Хабар 24 телеарнасы