389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапонияда баласызға перзент болатын робот жасалды

  • 1168

Жапонияда перзенті жоқ жалғызбасты адамдарға бала бола алатын робот жасалды.

Жергілікті Toyota Motor корпорациясы жасаған құлтемірдің басты қызметі – адамның ішін пыстырмай, әңгіме-дүкен құру. Тіпті оның сезімталдық қасиеті де бар. Бір кемшілігі, адамның түрін есіне сақтап, тани алмайды. Бұл робот даму деңгейі бойынша 5 жастағы баланы еске салады. «Киробо миниді» жасаған дизайнерлердің айтуынша, ол жалғыздықтан жапа шеккен адамдардың жанын баурап, өзіне жіпсіз байлауы тиіс. Осылайша, Toyota компаниясы бала туу азайып, қариялары көбейген Жапония қоғамындағы теріс демографиялық үдерісті жақсартуға ұмтылуда. Бала-роботтың бағасы 392 мың доллар. Жоспар бойынша ол келесі жылдан бастап жаппай сатылымға шығады.

Фуминори Катаока, жоба менеджері:

- Бұл жолғы жобамыздың эмоциялық құндылығы бар. Ондағы ойымыз шүйіркелесе алатын затты ойлап табу еді. Әдетте адамдар лайықты жауап алмаса да, жануарлармен әйтеуір тілдесіп жатады.

Хабар 24 телеарнасы