389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ереванда ұжымдық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

  • 706

Ереванда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлері, қорғаныс министрлері мен қауіпсіздік кеңесінің xатшылары бас қосты.

Алты елден ат терлеткен министрлер алдымен шағын, кейін кеңейтілген құрамда әңгімелесті. күнтәртібінде тұрған мәселе көп. Ұжымдық қауіпсіздік, терроризммен күрес негізгісі. Министрлер бүгін ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтетін саммитке дайындықты да пысықтады. 20-дан астам құжат әзірленіп, президенттердің қарауына ұсынылмақ. Олардың арасында 2025 жылға дейін арналған ұжымдық қауіпсіздік стратегиясы бар. Естеріңізге сала кетейік, бұл іргелі ұйымға Қазақстан, Армения, Ресей, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан мүше. Бүгін Армения ұйымға төрағалығын қорытындылап, тізгінді Белоруське береді.

Хабар 24 телеарнасы