388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мигрант балалардың алғашқы тобы Ұлыбританияға аяқ басты

  • 701

Францияның Кале қаласының іргесіндегі мигранттар лагерінде тұратын 14 бала Ұлыбританияға жіберілді.

Барлығы – ата-ана қарауынсыз қалған жасөспірімдер. Енді олар Корольдіктегі туыстарымен бірге тұрады. Таяуда Британия билігі Каледегі жеткіншектерді қабылдауға келіскен. Ең бастысы мұнда оларды күтіп алатын жақындары болуы тиіс. Келісім аясында осы аптаның ішінде Корольдікке әке-шешесіз қалған тағы 100-ге тарта бала келеді.

Айта кеткен жөн, Кале қаласының іргесіндегі заңсыз лагерьде бүгінде 9 мың босқын бар. Ал жергілікті билік жұрт арасында «Джунгли» деген атауға ие болған уақытша баспананы алдағы күндері бұзбақ ниетте. 

Хабар 24 телеарнасы