387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада футболдан «Khabar cup-2016» турнирі өтуде

  • 811

«Хабар Кубогы-2016». Дәл осындай атаумен қазір БАҚ қызметкерлері арасында республикалық турнир өтіп жатыр.

Еліміздің түкпір-түкпінен келген 20 команда алдымен плей-оффтың жолдамасын, кейін кәсіпқой футбол ережесіне сай тәртіппен жүлделі орындарды сарапқа салады. Басты мақсат – футболдың бұқаралық сипатын арттырып, сала мамандарының кәсіби біліктілігін шыңдау. Өйткені, қатысушы 200-ден астам адамның бәрі күнделікті жұмысында осы спортты түсіріп, жазып, тіпті, комментатор болып жүр. Бұдан былай олар шағын футболды ішінен білетін болады. 

Хабар 24 телеарнасы