379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеуде «Спартак»-ЦСКА матчы күні 70-тен астам жанкүйер тұтқындалды

  • 543
Мәскеуде «Спартак»-ЦСКА матчы күні 70-тен астам жанкүйер тұтқындалды фото: ntv.ru

Мәскеулік «Спартак» пен ЦСКА командаларының ойыны алдында түрлі құқықбұзушылықтар жасағаны үшін 70-тен астам жанкүйер тұтқындалды.

Бұл туралы Мәскеудің құқық қорғау органдарына сілтеме жасай отырып, RT хабарлайды.

««Спартак» және ЦСКА командаларының матчы алдында Мәскеудің әртүрлі аудандарында жанкүйерлер арасында жанжалдар мен қақтығыстар болған. Сондай-ақ матч өтетін «Открытие Арена» стадионындағы мінбелерде де осындай оқиғалар жалғасқан», - деп хабарлайды құқық қорғау органдары.

Жалпы алғанда әртүрлі құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін, оның ішінде мінбелерге тыйым салынған заттарды әкелмек болғаны үшін 70-тен астам адам тұтқындалған.

Футболдан Ресей чемпионатының 12-турының матчында «Спартак» ЦСКА-ны 3:1 есебімен жеңді.

Хабар 24 телеарнасы