389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АХҚО делегациясы Жапонияның қаржы институттарымен келіссөздер жүргізді

  • 730
АХҚО делегациясы Жапонияның қаржы институттарымен келіссөздер жүргізді Фото: 365info.kz

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 7-9 қараша аралығында Жапонияға жасаған сапары аясында «Астана» Халықаралық қаржы Орталығының (АХҚО) басқарушысы Қ.Келімбетов бастаған делегация Жапонияның қаржы институттарымен келіссөздер жүргізді.

Инвестициялар және даму Министрлігінің ұйымдастырған бизнес форумы кезінде АХҚО Басқарушысы Қ.Келімбетов ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың АХҚО құру жөніндегі бастамасымен таныстырды. АХҚО Қазақстанда жүргізіліп жатырған құрылымдық реформалардың бір бөлігі, ол ел экономикасын әртараптандыруға, елдің қаржылық жүйесінің дамуына және тұрақты өсіміне бағытталған. Сонымен қатар АХҚО Басқарушысы осы қаржылық орталықтың негізгі бағыттары, салықтық жеңілдіктері, артықшылықтары туралы да кеңінен таныстырды.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және Жапония Премьер-министрі С.Абэнің қатысуымен АХҚО мен Жапонияның құнды қағаздар дилерлері Қауымдастығының арасында Ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды.

АХҚО делегациясы сонымен қатар, Mizuho Financial Group, Inc., Sumitomo Mitsui Financial Group, Japan Exchange Group және Nomura Asset Management секілді Жапонияның белді компанияларының басшылығымен келіссөздер жүргізді.

Жапон корпорациялары АХҚО жұмысына, дәлірегінде, капитал нарығын дамыту, активтер мен жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару, ислам қаржысы салаларына қызығып отырғандықтарын жеткізді.

Мұнан өзге АХҚО делегациясы SoftBank Group Corp, Mistletoe және Palo Alto Networks секілді компаниялармен кездесі кезінде тараптар қаржы технологияларын дамыту, венчурлық қорларды құру мәселелерін талқылады.

Хабар 24 телеарнасы