387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада отандық дизайнерлердің жаңа туындыларын бүлдіршіндер таныстырды

  • 591

Кәсіпқой сән көрсетіліміне қатысқан балалар көпшілікті таңқалдырды.

Астанада 100-ден астам бүлдіршін отандық дизайнерлердің жаңа туындыларын таныстырды. «Тәуелсіз елдің болашағы» тақырыбындағы жобаға алғашқыда 300 бала қатысқан. Ұйымдастырушылар олардың қарым-қабілеті мен әртістік шеберлігіне қарай іріктеу жүргізген. Ең үздік дегендері бүгін сән әлемінің сахнасына көтерілді. Ерекшелігі сол – киімдердің басым бөлігі ұлттық нақышта тігілген. Оларды 10 күннен кейін қолжетімді бағада кез келген адам сатып ала алады. 

Махаббат Есен, жобаның бас продюсері:

- Бұл, біріншіден, дизайнерлер үшін жақсы мүмкіндік. Өйткені, балалардың киіміне қатысты ауқымды жоба бізде бұрын-соңды болмады. Екіншіден, бүлдіршілер сән әлемімен жақын танысады.

Хабар 24 телеарнасы