Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда заңсыз берілген жер телімдері мемлекетке қайтарылды

  • 870

Атырау қаласында заңсыз берілген 4 гектарға жуық жер мемлекет меншігіне кері қайтарылды.

Жер кодексінің талаптары сақталмай, заңсыз қаулы шығарылған 38 жер телімі қала маңындағы шағын аудандарда бау-бақша отырғызу мақсатында берілген. Атап айту қажет, аталған аумаққа иелік етуге бір күннің ішінде рұқсат беріліп, барлық уәкілетті органдардан келісім алынған. Сонымен қатар іске прокуратура органдары араласқан соң қалалық әкімдіктің лауазымды тұлғалары қылмыстық әрекеттерін жасыру мақсатында осы 38 жер телімі бойынша жиналған құжаттарды қасақана жоғалтып жіберген. Қазір барлық құжаттардың күші жойылып, жер телімдері мемлекет меншігіне толығымен қайтарылды.

Еркебұлан Ермеков, Қалалық прокуратураның бөлім басшысы:

- Талдау барысында анықталған заңбұзушылық фактілері бойынша қала әкімінің атына заңсыздық жою туралы ұсыныс енгізілді. Қадағалау актісінің қаралу нәтижесімен 38 жер учаскесін беру жөніндегі комиссия қорытындысын жарамсыз деп танып, қала аумағынан мына 38 участоктың заңсыз беріліп кетуінің алды алынды. Ал аталған салаға жауапты құрылымдық бөлімше басшысының бұған дейін қызметінен өз еркімен босап кетуіне байланысты оның жауапкершілігі шешілген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы