384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада жекпе-жектен Жоғарғы бас қолбасшы кубогы басталды

  • 1000

Елордада Жоғарғы бас қолбасшы кубогы үшін жекпе-жек сайысынан екінші республикалық ашық турнир өз бастауын алды.

Екі күнге созылатын тартысты жарысқа еліміздің барлық өңірінен қатысушылар келген. 9 салмақ дәрежесі бойынша 29 команда сынға түседі. Осы жарыста көзге түскендер ұлттық құрама сапына алынып олар келер жылы халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын болады. Сонымен қатар 1990 жылдары құрылған қауымдастық атауын өзгертіп жаңаша жұмыс бастамақшы.

Рустам Абдалимов, Жекпе-жек сайысы бүкілқазақстандық қауымдастығының вице-президенті:

- Өз уақытында «рукопашный бой» деген сөз қазақшаға жөнді аударылмаған. Қоян-қолтық төбелес деген сөз бізге ұнамады. Сондықтан да, біраз терминологияны қарастыра отырып, біз сайыс пен жекпе-жек сөздеріне тоқтадық.

Хабар 24 телеарнасы