389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да бірқатар әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

  • 826

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысындағы, Күршім ауданында көптен күткен мектеп пайдалануға берілді.

Семейде бой көтерген балабақша да тұрғындардың мереке алдындағы қуанышын еселеді.

Бүгін Күршім ауданының Үшбұлақ ауылында ақ түйенің қарны жарылған күн. 2011 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында құрылысы басталған 80 орындық мектептің ашылуы шалғайдағы ауыл халқына үлкен тарту болды.

Жандос Ахметов, мердігер:

- Келісім- шарт бойынша 31 желтоқсан болатын мерзімі. Мына Қазақстанның 25 жылдығына қарсы егемендігіміздің, осы 16 желтоқсанға ертерек беріп жатырмыз ғимаратты. Бүгінгі таңда ішкі-сыртқы жұмыстары 100% орындалды.

Жоба құны 240 млн теңге. Ең бастысы, бұған дейін апатты мектепте оқып келген оқушылардың қуанышында шек жоқ.

Томирис Кольцова, оқушы:

- Бізге қажетті нәрсенің бәрі бар. Біз қалалық мектептерден бұл мектеп те кем емес. Бұл жерде сыныптарымыздың бәрі жарық. Су, бәрі ішінде. Спорт залы, салтанат залы, бәрі бар. Бізге қажетті дүниенің барлығы бар.

Ал семейлік бүлдіршіндер үшін мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында «Балдырған» балабақшасы ашылды. 180 орынға шақталған заманауи ғимаратта зерделі де зейінді ұрпақ тәрбиелеуге барлық жағдай жасалған.

Майгүл Селғазина, балабақша директоры:

- Біз барлық қаражатымызды салып, балабақшаға осы ғимаратты дайындадық. Ал Үкімет тарапынан біз мемлекеттік тапсырыс алдық. Соған орай біз қазіргі таңда 40 жұмыс орнын аштық. Оның ішінде 24-і жас маман педагогтарға орын бердік. Мемлекеттік тапсырыс алған жекеменшікке де, бізге де өте тиімді жоба.

Тәуелсіздік жылдары өңірде 170 білім ошағы тұрғындар игілігіне берілді.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Болат Көкенайұлы, Медет Өмірханов

Хабар 24 телеарнасы