387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында 80-нен астам жас маман металлургтер қатарына қабылданды

  • 610

Тәуелсіздік мерекесі Ақсудың ферроқорытпа зауытында ерекше көрініс тапты.

80-нен астам жас маман өздері таңдаған кәсіпке адал болуға ант етті. Осылайша жұмысқа жаңадан келген жастарды металлургтер өз қатарына қабылдайды. Бұл жиырма жыл бойы жалғасып келе жатқан дәстүр. Тәжірибелі мамандар жастарды қанатының астына алып, қиын кәсіптің қыр-сырын үйретеді. Ақсудың ферроқорытпа зауыты 90-жылдары Мемлекет басшысының қолдауымен қайта жанданған болатын. Қазір онда жеті мыңдай адам еңбек етеді. 

Ерлан Қасым, Ақсу ферроқорытпа зауытының балқытушы:

- Өзім балқытушы болғаныма өте қуаныштымын, менің өзіме балқытушы болып жұмыс істеу абыройлы. Себебі біздің зауытта балқытушылар ең басты мамандық болып есептеледі.

Хабар 24 телеарнасы