387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-ның Тарбағатай ауданында 5 жылдың ішінде 570 адам шағын несие алған

  • 805

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы ауылдағы ағайынның жеке кәсібін жетілдіруге оң ықпал етіп отыр.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында 5 жылдың ішінде 570 адам шағын несие алып, 1500-нан астам жұмыс орны ашылған. Тұғыл ауылының тұрғыны Қарлығаш Халитова да несие алып, тігін цехын іске қосты. Көптен бос тұрған бірінші қабаттағы мына пәтердің қазір өңі кіріп, тіршілік қайнай бастады. Ауыл тұрғыны Қарлығаш Халитованың негізгі мамандығы есепші. Тұрақты жұмыс болмаған соң «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы туралы естіп, жобасын дайындай қойыпты.

Қарлығаш Халитова, ауыл тұрғыны:

- Сұраныс бар, өте көп. Адамдардың бәрі қуанып жатыр. Осы үйді ремонттағанда, «Немене ашасыз, магазин бе» дейді, мен айттым «магазин емес, тігін болады» десем бәрі қуанып жатыр. Өз отбасымды жұмыспен қамтамасыз еттім. Тағы 2-3 кісі алдым. Енді амандық болса, болашақта жұмысымыз жүріп, жанданып жатса, тағы кеңейеміз.

Әзірге мұндағылар төсек жабдықтары мен перделер тігіп жатыр екен. Алайда қыз жасауы, көрпе, жастық сияқты тұрмыстық заттарға сұраныс түсіп жатыр, сондықтан болашағымызға сенімдіміз, - дейді шағын кәсіпорындағылар.

Ержан Сабырбаев, Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары:

- 2016 жылы Тарбатағай ауданында кәсіпкерлік бағыты бойынша 23 миллион қаржы бөлініп, әр азамат өз саласына алған. 2011 жылдан бастап алып жатқан қаражаттың бәрі осы Тарбағатай ауданында үлкен ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Ол әр ауылда, әр елді мекенде. Бұл бағыт бойынша әр азамат алып, өзінің кәсіптерімен айналысып, бүгінгі күнде қайтарымы бәрі толықтай жүзеге асырылып жатыр.

Наубайхана, кірпіш құю, мал шаруашылығын дамыту салалары бойынша несие алып, жемісін жеп отырғандар қатары артып келеді. Тіпті аяғынан тұрған кәсіпкерлер ауыл балаларына арнап хоккей қорабын да салып беріпті. Бағдарлама бойынша келесі жылға өтініш қабылдап жатырмыз, жұмыс істеуге деген жұрттың ынтасы жоғары дейді жергілікті атқамінерлер.

Авторлары: Болат Көкенайұлы, Медет Өмірханов, Берік Жобалайұлы.

Хабар 24 телеарнасы