384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кариб аймағы және Оңтүстік Шығыс Азия елдері Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

  • 934

Оңтүстік Америка мен Кариб аймағы және Оңтүстік Шығыс Азия елдері Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті.

Бұл туралы Суринам, Доминика және Сингапур мемлекеттерінің тұрақты өкілдері мәлімдеді. Дипломаттар еліміздің келер жылы БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне мүше болуына байланысты пікірімен бөлісті.

Генри Макдональд, Суринамның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі:

- Қазақстан – қарқынды дамып келе жатқан жас мемлекет. Сондықтан сіздер БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшесі атандыңыздар. Мен шағын мемлекеттің өкілімін. Біз сіздермен ынтымақтастықты дамытып, дипломатиялық қарым-қатынасты нығайтқымыз келеді.

Бурхан Гафур, Сингапурдың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі:

- Қазақстан әлемде өз орны бар мемлекет. БҰҰ-да маңызды орынға ие. Біз сіздерді БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше атануларыңызбен құттықтаймыз!

Паоло Замполли, Доминиканың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары:

- Мен Кариб теңізіндегі шағын ғана мемлекеттің өкілімін. Мен БҰҰ-мен жұмыс істеу барысында Қазақстанды жан-жақты танып білдім. Сіздердің елдеріңіз келер жылы бұл ұйымға мүше болу арқылы өзінің имиджін тағы бір мәрте асқақтата түспек.

Хабар 24 телеарнасы