421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Универисадада фристайл-акробатикадан ел намысын 6 спортшы қорғайды

  • 2107

Алда әлемнің назары ауған қысқы Универисада ойындары келе жатыр.

Байрақты бәсекеде фристайл-акробатикадан ел намысын 6 спортшымыз қорғаса, соның бесеуі оңтүстікқазақстандық. Аязына қарағанда аптап ыстығы басымдау өлкенің жастары осылайша қарда шаңғымен сырғанаудан өзге өңірлерді шаң қаптырып кетті. Жалпы оңтүстіктің ұл-қыздары жыл қортындысы бойынша да спорттың барлық түрінен көш бастап келеді. Бұл қос ару фристайлдың акробат түрінен ел намысын қорғайды. Қазір қызу дайындық үстінде. Себебі жанкүйерлер сенімін ақтау керек.

Жанбота Алдабергенова, Фристайлшы:

- Дайындық жақсы. Біз Фин елінен бастадық. Нәтижем жақсы. Алға қойған мақсатыма жетіп жатырмын.

Жібек Арапбаева, Фристайлшы:

- 5 қаңтарда Америкаға барамыз. Сол жақта жарыс болады тағы. Әлем кубогы өтеді. Сол жақта тағы 1,5 апта жаттығамыз. Содан әрі Алматыға келеміз.

2016 жылы Рио төрінде тағы бір аруымыз Жазира Жаппарқұл топ жарды. Қаршадай болса да зіл темірді көтеріп, ел намысын асқақтатқанын халық біледі. Ескек есушілеріміз қазақ тарихында алғаш рет финалды бәсеге енді. Көркем гимнастшы Әлия Юсупованың шәкірті Сабина Әшірбева 17 жасында әлемдік аренада өнер көрсетті.

Әлібек Нұртаев, Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

- Биылғы жылдың басты жетістігі Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарына ОҚО 20 спортшы жолдама алып қатысты. Соның ішінен 1 күміс, 1 қола медаль алдық. Дзюдошы Хамза Дидар 19 жасында олимпиадаға қатысты. Мықты бестікке Біржан Жақыпов пен Жайна Шекербекова енді.

Облыс аумағында 87 нысан салынған. Сөйтіп жалпы спорт кешендерінің саны 5 мыңнан асып жығылды. Көркем гимнастика кешені мен садақ ату алаңдары, жүзу бассейндері ашылды. Ауылды жерлерде заман талабына сай спорттық алаңшалар мен түрлі кешенде бой түзеді. Мұз айдыны мен шаңғы базасы қысқы спорт түрінің дамуына сеп болды.

Әлібек Нұртаев, Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

- 2016 жылы ОҚО спортшылары ҚР чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 1 500-ға жуық медальдар алды. Азия чемпионаттарынан 100-ге жуық, әлем чемпионатынан 70-ке жуық медаль алды. Ұлттық құрама сапына 1 089 спортшымыз еніп отыр.

Ауыл жастарына да ерекше көңіл бөлініп келеді. Ұлттық ат спорты ойындары жамбы ату да қайта жанданды. Бұқара халықтың 30 пайызы салаутты өмір салтын ұстанады. Еліміздегі спорт саласына жасалып жатқан қамқорлық білекті жігіттеріміз бен жүрекі аруларымыздың алдағы өтетін әр түрлі жарыстарда топ жаруына негіз болмақ.

Авторлары: Қанат Жүнісбеков, Ерболат Әбіш, Нұрмахан Бекмұратов. 

Хабар 24 телеарнасы