387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымбұлақта фристайлдан іріктеу жарысы өтіп жатыр

  • 617

Бүгін Алматыда өтіп жатқан Универсиада ойындарында жұртшылық назары Шымбұлаққа ауды.

Дәл қазір тау-шаңғы кешенінде фристайлдан іріктеу жарысы өтіп жатыр. 

Дәл қазір талайды тамаша табиғатымен тамсандырған Шымбылақтағы тау-шаңғы кешенінде фристайлдың могул деп аталатын түрінен іріктеу сыны өтіп жатыр. Ерлер жарысына 7 елден 17 шаңғышы қатысты. Ал біздің құрамадан могул шеберлігіне 4 шаңғышы шықты. Қыздар арасында могул бәсекесіне 8 елден 17 спортшы қатысты. Бұл сайыста жерлесіміз көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы Юлия Галышевадан үміт күтеміз.

Жалпы могул дегеніміз не? Бұл фристайлдың ең қиын әрі күрделі түрі десек те болады. Жасанды төмпешіктерден өткен шаңғышы трамплиннен секіріп, әуеде сан алуан сальто жасайды. Шеберлік техникасы мен жерге сәтті қонуына бағалаған бес төреші тиісті балын береді. Кешелі бері фристайлшы жігіттер тыңғылықты дайындалды. Ал ақтық сын сағат 14:00-де өтеді.

Хабар 24 телеарнасы