387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шаңғышылар 10 шақырым қашықтықта сынға түсіп, қоссайыстың екінші кезеңін жалғастырады

  • 399

Шаңғы қоссайысынан «Сұңқар» халықаралық шаңғы-трамплин кешенінде командалық жарыстың алғашқы кезеңі аяқталды.

Қазақстан атынан бұл сынға Әли Айбек, Шыңғыс Ракпаров пен Расул Қайырбековтер қатысты. Сайыста әлемнің алты елінен келген 18 шаңғышы бабы мен бағын сынап жатыр. Олар алдымен Гундерсен жүйесі бойынша К 95 трамплинінен секірді. Ұпай саны бойынша әзірге Жапония мен Ресей спортшылары көш бастап тұр. Енді шаңғышылар «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде 10 шақырым қашықтықта сынға түсіп, қоссайыстың екінші кезеңін жалғастырады. Біздің жастарды қолдауға келген жанкүйерлердің де жеңіске жетеміз деген сенімі мол.

Дәурен Жарылғасов, Көкшетау қаласының тұрғыны:

- Көкшетауда елде отыра алмадық. Уақыт тауып осы жақа ұшып келдік. Осыны ұйымдастырып жатқан ел басшыларына, азаматтарға рақмет. Халқымызға қуаныш сыйлап Жапония, Франция елдерінен мықты спортшылар келіп жатыр. Жаңа трамплиннен қазақ балалары секіргенде төбеміз көкке жеткендей болды.

Нәзима Қысымғалиқызы, Алматы қаласының тұрғыны:

- Бүгінгі жарыс өте ұйымдастырылуы жоғары дәрежеде. Универсиадаға халық риза болып жатыр. Өйткені дайындық жақсы. Халықтың көңіл-күйі өте жоғары. Біз де отбасымызбен келіп, осы демалыс күні жақсы болып жатыр. Біз ризамыз.

Хабар 24 телеарнасы