384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Универсиада-2017: Эстафета сайысында ел шаңғышылары күміс олжалады

  • 597

Шаңғыдан командалық эстафета жарысынан ерлер күмісті еншіледі.

Шаңғышылар Сергей Малышев, Виталий Пухкало, Ринат Мухин және Олжас Климин 7,5 шақырым жолды жүріп өтті. Бұл Универсиададағы 25-ші медаль. Қоржында 10 алтын, 5 күміс және 10 қола бар.

Бұл сайыста жеңіске Ресей құрамасы 1 сағат 12:49.3 минут көрсеткішімен жетті. Ал ресейліктерге 1,8 секундқа жол берген Виталий Пухкало, Ринат Мухин және Олжас Климин жарыстың күміс жүлдесін еншілесе, үшінші орынды чехиялық шаңғышылар місе тұтты.

Хабар 24 телеарнасы