386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда Ертіс арқылы өтетін көпір Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құрметіне аталады

  • 975

«Тәуелсіздік жылдарында 100 жылға татитын жетістікке қол жеткіздік». Елбасы Павлодар өңірінде көпір құрылысын жүргізушілермен кездесуінде осылай деді. Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көлік өткеліне барған Мемлекет басшысын құрылысты жүргізген мердігер компания өкілдері қарсы алды.

Бірегей нысанның құрылысы Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келді. Сондықтан көпшіліктің «ғасыр жобасын «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» құрметіне атасақ» деген ұсынысы Президент тарапынан қолдау тапты. «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан көлік өткелінің құрылысы 97%-ға аяқталған. Орта Азия бойынша теңдесі жоқ алып нысанды тұрғызуға 1500 тонна бетон тірегі, 150 мың текше метр бетон жұмсалды. 45 метрлік аркасы сәулетімен көз тартады. Көпірдің салтанатты ашылуы желтоқсан айына жоспарланып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мынау Тәуелсіздіктің 25 жылдығына келе жатырмыз. Ойлап қарасақ, кеше ғана еді, зымырап 25 жыл өтті. 25 жылдың ішінде жеткен жетістіктеріміз 100 жылдыққа татиды. Бұл деген елдің мүмкіншілігі. Қазақстанның болашағы деген сөз. Әр уақытта жолымыз болсын.

Серік Төлебаев, «Каздорстрой» ЖШС бас директоры:

- Үлкен осындай мегажобалар Қазақстанда жылда салынбайды. Бұл енді 50 жылда, 100 жылда бір салынатын жобалар. Соның ішінде 25 жылға бітіп тұрған осындай көпірлерді Тәуелсіздіктің 25 жылдығына атаған дұрыс деп ойлаймын. Өйткені бұл халықтың ниеті. Өзіміздің Елбасы қабылдап, жақсы баға беріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы