389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Түп-төркінін төрге оздырған Маңғыстау» атты көрме ашылды

  • 1021

Мұнда еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бергі өлкенің дамуы, археологиялық жұмыстар мен өңірдің өзіне сай қолданбалы өнері көрсетілген.

Маңғыстау облысының күндері аясында ұйымдастырылған көрмеде қазақтың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін арнайы тақырыптық экспозиция да бар. Ал, ертең Ұлттық академиялық кітапханада «Әбіш әлемі» атты журналдың тұсаукесері өтеді. Сондай-ақ, Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Әбіш Кекілбайұлы шығармасының желісімен сахналанған «Шыңырау» драмалық қойылымы көрсетіледі.

Тамара Жұмалиева, Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры: 

- Бұл көрменің шындығында жүгі ауыр. 25 жылдық мерейтой қарсаңында болғандықтан, біз Қазақстанның егемендігімен келген мәдениет саласындағы үлкен өрлеулерге арнадық. Соның бірі әулиелі мекендегі ең алғаш қалпына келтірілген ескерткіш Бекет Ата жер асты мешіті болатын. Бүгінгі көрменің беташары осы көрмемен басталады.

Хабар 24 телеарнасы